8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік ертеңгілік » "Суықбұлақ орта мектебі" КММ
Абай облысы
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Суықбұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72347) 4-08-34
Есепші бөлімі:
+7(707) 939-28-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік ертеңгілік
12
март
2017

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік ертеңгілік

 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне

орай мерекелік ертеңгілік

Суықбұлақ орта мектебінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік ертеңгілік пен сайыстар өте қызықты болып өтті. 1-4 сыныптар арасында «Ана – өмірдің гүлі» атты мерекелік ертеңгілік болды

. Мақсаты: 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту,анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу. Мерекелік ертеңгілік өте қызықты өтті, ертеңгілікке 1-4 сыныптың ата-аналары арнайы келді. Кішкентай бүлдіршіндер аналары, әпкелері, қыздарға арнап тамаша әндерді тамылжытып айтып, мың бұрала би биледі. Ертеңгілікке келген ата-аналар жүздері бал-бұл жанып, балапандарының өнерін көріп қызықтады. Кішкентай бүлдіршіндер ертеңгілік соңынан жүрек пішіндес қызыл шарлар аналарына сыйлық ретінде табыстады. Мерекенің жоғары деңгейде өткеніне ата-аналар қуанып, балаларының өнерлеріне тамсанып үйлеріне тарасты.


5-8 сыныптар арасындағы мереке қыздар сайысымен жалғасты. Тақырыбы «Қыздар көктем гүлдері». Сайысты өткізудегі мақсатымыз: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу,балалардың барлық аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу,оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. 5-8 сынып оқушылары жоғарғы деңгейдегі дайындықпен келген екен.

Сайыстың шартындағы «Дәм-думан», «Сән думан», Өз өнерін көрсету бөлімдері оқушыларға өте ұнады. Өнерлерін көрсету барысында 5-сынып « Қамажай» биін, 6-сынып Сүгірдің « Аққу» күйіне би, 7-сынып « Домбыра» биін қалықтап әсем билеп берсе, 8-сынып оқушылары « Мерекем» әнін тамылжыта орындап шықты. Сән үлгісін, шаш үлгісін көрсетуге аса үлкен қызығушылықпен оқушылардың дайындалғаны көрініп тұрды. Сайыс соңынан жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.

9-11 сыныптар арасында да мерекелік сайыс өтті. Тақырыбы: «Қыз – ұлт болашағы». Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсаты.
Сайыс кезеңдері:

1. «Мен қазақтың қызымын» өзін таныстыру. 2мин
2. «Бәйге» салт - дәстүр, әдет - ғұрып, жөн - жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру. 1 мин.
3. «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету. 3мин.
4. «Халқын сүйген - салтын сүйер» үй тапсырмасы 3 - 4 мин.
5. «Қонақ күте білеміз бе?» тағам дайындау. 3 мин
6. «Қыздарға әсемдік жарасады» ұлттық киім үлгісін көрсету.
9-11 сынып қыздары да өте белсенді қатысты. Жоғарғы сынып оқушылары ретінде салт-дәстүр , әдет-ғұрып туралы сұрақтарға дұрыс жауап беріп, қызыға сұрақтарды шешті. Өз өнерлерін көрсетуге де жоғарғы дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Қазақтың, өзбек ұлтық тамаша билерін мың бұрала орындап, көрермендерді тәнті етті. Сайыс барасында тез арада 1 тағам әзірлеу сайысына оқушылар шапшаңдықпен қатысып, аз минуттар ішінде әдемі көркемделген ас әзірлеп шықты.Көбінесе көктемгі салат пен басытқылар жасады.

Сайыстар қызықты өтті, барлық мектеп оқушылары белсене қатысып, өз өнерлеріне қарай марапатқа ие болды.


 

 

 

 

 

 

 

Похожие публикации:

04 апрель 2017 Биатлон
14 март 2017 Құжаттар
12 март 2017 Мектеп ұжымы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Lionelfef
11 декабря 2019 08:12
бц lighthouse

В новом офисе вам понадобятся новые двери

---


металлические двери для квартиры

деловой говоришь

---


capital house бц

Вот где можно найти отличный офис для твоего бинеса

---


zhk-afrodita.ru

Купили дверь и арендовали офис? Теперь купите квартиру!


аренда nordstar tower

Арендуй меня

---


бизнес центр w plaza

Кликать сюда

---


белая площадь бц

Солидный бизнес должен иметь отличный офис

---


купить офис в Москве

Хочется - но не можется

---


бизнес центр святогор