Іс-шаралар » Страница 9 » "Суықбұлақ орта мектебі" КММ
Абай облысы
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Суықбұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72347) 4-08-34
Есепші бөлімі:
+7(707) 939-28-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп жанындағы лагерь
09
июнь
2018
Мектеп жанындағы лагерь
«Элегант шоу» атты сайыс. (Жауапты: тәрбиеші Н.Ж.Жакупова) Мақсаты:Әр балаға өз өнерін көрсетуге мүмкіндік беру, балалардың шығармашылық қасиетін көрсету.Балалардың қабілеттерін анықтау,көпшілік алдында өзін еркін ұстауға дағдыландыру, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер:Шарлар,мозаикалар, карточкалар. Түрі:Сайыс Жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі ІІ Топпен таныстыру ІІІ Жұмбақ шешу ІV Кім шыдамды? V Ойлан, тап VI Кім тез? VII Ұйымшыл сөздер VIII Сен білесің бе? IX Қорытынды    
мектеп жанындағы лагерь
09
июнь
2018
мектеп жанындағы лагерь
«Қарлығаш» лагерінің  ұйымдастыруымен еліміздің «Мемлекеттік рәміздер күніне» арналған лагерімізде мерекелік салтанат өтті. Жауапты: музыка пән мұғалімі Өңейқан Алтай. Бұл мерекелік шараға ата – аналар және ұстаздар қауымы қатысты. Салтанатты жиын Мемлекеттік Әнұран орындаудан басталды. Содан соң, демалушы балалар өз өнерлерін көрсетіп, ел рәміздерін сипаттап берді. Сонымен қатар, суреттер салып, өлеңдер айтып, ән шырқады. Мереке соңында белсенді балалар марапатталды. Мектеп директоры
мектеп жанындағы лагерь
08
июнь
2018
мектеп жанындағы лагерь
«Қарлығаш» мектеп жанындағы лагерь (Жауапты: А.С.Мусинова, лагерь тәрбиешілері) 1-Маусым күні мектебімізде «Балаларды қорғау» күніне орай мектеп жанындағы «Қарлығаш» лагерінің І – ауысымының "Бақытты балалық шақ" атты ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына ауыл әкімшілігінен өкілдер қатысып, балаларға жақсы игі тілектер айтып шағын базарлықтар табыстады.   
Еркін күрес
23
май
2018
Еркін күрес
10-18 мамыр аралығында Екібастұз қаласында өткен  КСРО спорт шебері ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Н.М.Шестаковты еске алуға арналған еркін күрестен ашық турнирде 6-сынып оқушысы  Ерланұлы Сымбат ІІ -орын иеленді. Жетекшісі: Бекенов Е.  
Облыстық Махамбет оқулары
23
май
2018
Облыстық Махамбет оқулары
18 мамыр күні Өскемен қаласында оқушылар арасында өткен облыстық Махамбет оқуларында Суықбұлақ орта мектебінің 7-сынып оқушысы Сәбит Елдана ІІІ-орынға ие болды.  
9-мамыр
10
май
2018
9-мамыр
 9-мамыр Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. 1-Жүргізуші: Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы
Махамбет оқулары
10
май
2018
Махамбет оқулары
Аудандық Махамбет оқулары 5 мамыр күні аудандық Маха мбет оқулары «Жаңғызтөте орта мектебінде» өтті.Мақсатты : Оқушылар арасында Махамбет шығармаларын насихаттау; Олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, батырлықты, ерлікті қадірлей білуге баулу; Ұлылар поэзиясына , рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; Сайыс бағыттары: «Ел құтқарар ер едім» - Махамбет , Мұрат Мөңкеұлы , Шернияз Жарлығасұлы , Фариза Оңғарсыновна шығармаларын жатқа оқудан 7 – сынып оқушысы
Ашық сабақ. Информатика пәнінен
05
май
2018
Ашық сабақ. Информатика пәнінен
                                          Анимация ұғымы Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Бағдарлама қызметін білу және нысандарды таңдау. Басым көпшілігі: Scratсh бағдарламасында нысандарға анимация жасау. Кейбір оқушылар: Scratсh бағдарламасында жоба кұру.                                     
Кене туралы
03
май
2018
Кене туралы
2018 жылдың 10 сәуірден – 10 мамырға дейін кене энцефалит туралы айлық өткізіледі. 6-8 сыныптар арасында кене туралы диктант алынды. Психолог Р.М.Жакупекова 9-11 сыныптар арасында әңгіме жүргізді. ДА дәрігер С.А.Ракишева 6-11 сыныптар арасында слайд көрсетілді және әңгіме өткізді. Мектеп дәлізіне кене энцефалит туралы санбюллетень шығарылып, ілінді.          
Менің мамандығым - менің мақтанышым
03
май
2018
Менің мамандығым - менің мақтанышым
«Менің мамандығым – менің мақтанышым» тақырыбында мектеп бітіруші түлектермен, 02.02.2018 жылы Семей көпсалалы колледжімен, 01.03.2018 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетімен, 16.04.2018 жылы «Сервис» коледжімен, 03.04.2018 жылы Алматы қаласының теміржол колледждерімен, жоғары оқу орындарыны студенттермен кездесулер, 12.03.2018 жылы тәрбие сағаты өткізілді.