Суықбұлақ орта мектебінің тарихы! » "Суықбұлақ орта мектебі" КММ
Абай облысы
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Суықбұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72347) 4-08-34
Есепші бөлімі:
+7(707) 939-28-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Суықбұлақ орта мектебінің тарихы!
22
февраль
2024

Суықбұлақ орта мектебінің тарихы!

Жалпы Суықбұлақ елді мекенінің құрылуы индустрияландыру жылдарына яғни, 1928 жылдарға   сәйкес келеді. Ал алғашқы білім ордасы мектеп туралы материалдар іздестіре келе 1940 ж қарай Новотаубинка кентінде бастауыш мектеп болғанына көз жеткіздік. Көпшілік халықтан сұрастыра келе 1948-1949 жылдары Суықбұлақ станциясынан Жайма ауылына( бұрынғы Арқалық совхозы)барар жолда темір жол линиясының бойында халық « Ақ мектеп» деп атап кеткен 2 қабатты мектеп болғанын онда 1-6 сынып аралығындағы оқушылар білім алғанын байқадық. Кейіннен бұл « Ақ мектепте» 1-7 сынып оқушылары оқыса керек. Екі ауылдың ортасына салынуы екі ауылдың да балаларын біліммен қамтамасыз ету мақсатында болған. 

Ал қазір оқушылар білім алып жатқан Суықбұлақ орта мектебінің ірге тасы 1961 жылы  7 жылдық мектеп типінде қаланған. Көп ұзамай білім реформасына өзгеріс жасалып, 8 жылдық білім енгізілгендемектеп 8 жылдық мектепке көшкен.  Бұл мектепте Ұлы Отан соғысына қатысып, дін-аман туған жеріне оралған ауылымыздың ардақты тұрғындары Транов Мухаметқан Мусралинович, Матин Қалихан аталарымыз көп жылдар  ұстаздық қызмет жасаған.

Қазірде   180 нен аса 1-11 сынып оқушыларын білім нәрімен сусындатып отырған орта мектеп. Мектеп күрделі жөндеуден 2003 жылы өткізілген.  2004 жылдың  7- желтоқсанында Мемлекеттік мекеме болып тіркелді.  2011 жылы жылу жүйесіне күрделі жөндеу жасалынған. 2019  жылы мектеп ғимаратының шатырын ауыстыру және терезелерін ауыстыру, ғимарат ішіне дәретхана салу  жұмыстары жүргізілді.   Ауданы 1280 шаршы метр квадратты құрайды. Мектепте 15 оқу бөлмесі бар: бастауыш, қазақ тілі, орыс тілі, химия, биология, тарих, АӘД, физика, математика, информатика, IT немесе робототехника  кабинеттері  Осылардың ішінде соңғы жасақталған, материалдық-техникалық базасы жаңартылған ол   IT кабинеті мен физика кабинеті. Бөлек ғимараттарда кіші орталық, даярлық топ кабинетері мен шеберхана орналасқан. 






Осы мектепті үздікке және « Алтын белгіге» аяқтағантүлектер:                                                       

 Шакерим Нурмухаметович Рахимжанов –1936 жылы 23 сәуірде Суықбұлақ ауылында дүниеге келген.

Суықбұлақ орта мектебінің тұңғыш “Алтын медаль” иегері. Суықбұлақ “Әк тас” карьерінде 26 жыл басшылық қызмет атқарған.

Макишева Жанат Кокенайқызы - 1963  жылы туған. 1980 жылы Суықбұлақ орта мектебін бітірді.“ Алтын белгі” иегері.  Қазіргі уақытта Ақтөбе қалалық әкімшіліктің архитекторлар кеңесінің директоры   болып қызмет атқарады.

Нұрсұлтанова Ақерке Оразбекқызы – 1984 жылы туған.   2001 жылы “ Үздік аттестат ” иегері атанды. Қазірде Астана қаласында қызметте. 

         

Матина Батима Сериковна 2010 жылы  « Алтын белгі» иегері, Семей медициналық академиясын аяқтап, терапевт, эндокринолог мамндықтарын алып шыққан, қазірде Семей қаласында эндокринолог дәрігер.

Баймолдаева Аруна Дидаровна 2019 жылы « Алтын белгі» иегері, С.Сейфуллин атындағы қазақ агрономиялық-техникалық университетін   қызыл дипломға  аяқтады, қазірде магистратура студенті.

Токеева Мадина Ринатовна 2019 жылы « Алтын белгі» иегері, Шәкәрім университетін қызыл дипломға тәмамдап, Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық орталықта қызмет атқарады.

Заманбек Даурен Амангелдіұлы 2019 жылы « Үздік куәлік» иегері, Өскемен қаласындағы Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің түлегі

Сәбит Елдана Сагидоллақызы 2022 жылы « Алтын белгі» иегері, « Елбасы медальі» иегері, Астана қаласында Евразиялық Ұлттық университетінің «Ғылыми математика» бөлімінің студенті

Ахметкан Сая Кайратқызы 2022 жылы « Алтын белгі» иегері, Астана қаласында Евразиялық Ұлттық университетінің «Физика» бөлімінің студенті

Советканова Еркежан Болатқызы 2022 жылы «Алтын белгі» иегері, Өскемен қаласындағы Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің « Менеджмент» бөлімінің студенті




Мектептен шыққан атақты түлектер: Жоғарыдағы «Алтын медаль», «Алтын белгі», « Үздік куәлік» иегерлерімен қатар талай түлектер жоғары қызмет атқарып жүр.

Нурлан Тоқтаргазинович Мусабаев -  2000 жылы бокстан Шығыс Қазақстан облысы чемпионы, 2004-2005 жылдары Қазақстан чемпионы атанады, 2006 жылы Афинада өткен әлем чемпионатаның қола жүлдегері, 2022 жылы « Король ринга» белбеуінің иегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері. 

Рахимбеков Сабыржан -  биология ғылымдарының докторы.

Сәмекбаева Мунира – медицина ғылымдарының докторы. 

Жауынғаров Әнияр – жоғары әскери қызметкер 

Әлім Хайруллин Абылхадырович – 02.10.1954 жылы туған, Суықбұлақ орта мектебінің 1972 жылғы түлегі. 1977 ж Семей қаласындағы малдәрігерлік-зоотехникалық институтты аяқтаған. Ұзақ жылдар Шар ауданының ауылдарында комсомол, партия комитетінде жұмыстар атқарып, ауылдарда әкім қызметінде болды. 2003-2007 жылдары ШҚО, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары,2007-2011 жылдар ШҚО, Бородулиха ауданы ауылшаруашылық бөлімінің басшысы, 2011 жылдан ҚР ауылшаруашылық минситрлігінің малшаруашылық департаментінің І категориялы эксперт маманы,  ұзақ жылдар Астана қаласында мемлекеттік қызмет  саласында қызметкер болған, «Үздік мемлекетік қызметші» төс белгісінің иегері, қазірде зейнеткер. 

Қазіргі ауыл әкімі Юсупов Аждар Турсынбекович, темір жол станция бастықтары   Турсынбеков Ернур  Талгатович, Мамырбаев   Рахат Балданович,  Баканов Калкабек, көптеген мықты ұстаздарымыз ауылымыздың белді азаматтары да осы Суықбұлақ орта мектебінің әр жылы бітірген түлектері. 

Молдабай Еркебұлан Төлеуғалиұлы «OZ» корпорациясының құрылтайшысы және басшысы

31.01.1986 жылы туылған.

2001 ж. «Суықбұлақ орта мектебiнiң» 9 сыныбын Үздiк аттестатпен бiтiрдi;

2004 ж. «Экономика және қаржы колледжін» үздiк дипломмен аяқтады;

БАКАЛАВР Шәкәрім атындағы «Семей мемлекеттiк университетi»;

МАГИСТРАТУРА «Қайнар университетi» мамандығы «Қаржыгер»

Қызмет өткелi: «Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қоры» ААҚ;

«Қаржы министрлігі»; Жеке Серiктестiктер; «OZ» корпорациясының құрылтайшысы және басшысы

Жаксыбаев Талгат Турсынбекович ұзақ жылдар ауылдағы темір жол басшысы, қазірде Курчатов қаласында темір жол басшысы

Жаксыбаев Мурат Турсынбекович осы мектепте ұзақ жылдар география пәні мұғалімі. Семей қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі, қазірде Семей қаласындағы № 13 мектеп директоры

Суықбұлақ орта мектебінің түлектері әрі осы мектепте ұстаздық қызметін атқарған зейнеткер ұстаздар: Зейнеп Хайруллиновна, Транова Жулдыз Мухаметкановна, Сарсембеков Мураткали Жумагалиевич, Ибраева Шолпан Темирхановна, Транова Майра Мухаметкановна, Транова Кундыз Мухаметкановна

Суықбұлақ орта мектебінің түлегі, қазірде осы мектепте қызмет атқарып жүрген ұстаздар: Узакбаева Сауле Рамазановна, Тогызбаева Лариса Рудольфовна, Тунгатбаева Айтбала Ахмедьяновна, Жакупекова Раушан Мухаметрахимовна, Матина Жанар Ескендровна, Амиров Амангельды Жумагельдыевич, Кылышев Марат Серикказинович, Жакупова Нурсулу Жумагазиевна, Мусинова Альмира Саятовна

Ауған соғысына қатысқандар.

Қ.Ш.Рахимжанов – ауған соғысы ардагері.  

Н.Л.Қабжалелов – ауған соғысы ардагері.

С.Шагенов – ауған соғысы ардагері.


Чернобыль апатына қатысқандар.

С.Смагулов – Чернобыль апатын жоюға қатысқан.

М.С.Трумов   1990 жылы Бүкілодақтық жастар фестивалінің І-жүлдегері лауреат медалімен марапатталған. 1988 жылы Чернобыль электростанциясының апатына қатысқан.   

А.Такавой – Чернобыль ардагері. 




Суықбұлақ орта мектебінде директорлық қызмет атқарған адамдар:

Төребаева Зейнеп, Биюмбаев Мағжан  Бигозыевич, Орынбаев Жагыпар, Шакиров Рысмухамет Айтмухаметович, Алғалиев Серік Сакенович, Айтимов Семейғазы Байдолинович, Нұрсұлтан Оразбек Жұмаханұлы, Транова Майра Мухаметкановна. Қазіргі таңда білім ордасының басшысы, мектеп директоры Касенов Серик Сагимуратович.

Похожие публикации:

12 март 2017 Мектеп ұжымы
09 март 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив