Мұғалімдердің жетістіктері » "Суықбұлақ орта мектебі" КММ
Абай облысы
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Суықбұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72347) 4-08-34
Есепші бөлімі:
+7(707) 939-28-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мұғалімдердің жетістіктері
09
апрель
2017

Мұғалімдердің жетістіктері

Транова Кундыз Мухамедкановна

14 жылдық еңбек өтілі бар кіші орталық тобының тәрбиешісі. Ұстаздың ғылыми-танымдық және әдіскерлік дайындығы талапқа сай. Ізденіс тақырыбы: «Балалардың тіл байлығын дамыту, сауаттылыққа үйрету, қарым –қатынас мәдениетіне тәрбиелеу». Оқыту процесінде мұғалім жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, дамыта оқытуды пайдаланады. Ұстаз жаңашыл, көп ізденеді. Педагогикалық тәжірибесі мол. Мұғалімнің әдістемелік жинағы, көрнекілік қоры мол, ретке келтірілген . Биылғы оқу жылында кіші орталық тобында өткізген «Геометриялық пішіндер» тақырыбындағы ашық сабағы жоғары бағаланды. «Жомарт, Алтын күз» атты тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті.

2012 жылы аудандық «Ең үздік кіші орталық тәрбиешісі - 2012» сайыста ІІ-орын.

2013,2015,2016 жылдары аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды.

2016 жылы «Қызықты қыс» тақырыбындағы ойын –сауық кеш әзірлемесі «Мектеп ұстаздарының әлемі» Республикалық педагогикалық басылымының сайтында жарияланды.

2016 жылы «Қош бол, аяулы тобымыз» әзірлемесі Республикалық ғылыми – әдістемелік педагогикалық «Мектептегі мерекелер» журналына шықты.

2016 жылы Тұрақты оқырман әрі автор ретінде басылымның дамуына үлес қосқаны үшін «Мектеп ұстаздарының әлемі» республикалық педагогикалық журнал редакциясының атынан Алғыс хатпен марапатталды.

2017 жылы Республикалық әскери – патриоттық «Қазастан патриоты» журналы ұйымдастырған «Туған жерім – алтын бесігім!» атты фотосурет байқауына шәкірттерін қатыстырып белсенділік танытқаны үшін дипломмен марапатталды.

Тәрбиеленушілерінің жетістіктері:

2015 жылы кіші орталық тобының тәрбиеленушілері: Ахметқан Жәнібек, Тлеуғазы Аяжан облыстық «Балапан» конкурсында – ІІ орын;

2016 жылы кіші орталық тобының тәрбиеленушілері облыстық «Балапан конурсында Сарқытқан Алижан – ІІІ орын, Тұрлыбай Нұржан, Саут Алимжан, Амангелді Еркебұлан, Сарқытқан Адема, Хабибулла Мади облыстық сертификаттарға иеленді;.

2016 жылы кіші орталық тобының тәрбиеленушісі Сарқытқан Адема «Әлемді тербеткен ана» Республикалық интернет байқауына қатысып сертификат алды.

2017 жылы кіші орталық тобының тәрбиеленушісі Қуантқан Нұралла Республикалық әскери – патриоттық «Қазақстан патриоты» журналы ұйымдастырған «Туған жерім – тал бесігім» атты республикалық фотосурет байқауына қатысып - І орын иеленді.

2017 жылы кіші орталық тобының тәрбиеленушісі Бекенова Айғаным «Адам және табиғат» республикалық байқауына қатысты.

Кундыз Мухамедкановна шығармашылықпен айналысады, жас мамандарға үнемі әдістемелік көмек көрсетеді. өз ісіне жауапты. Мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласады, мәдениетті, ұжымда белсенді де беделді жан.

 

Раушан Мухаметрахимовнаның

жалпы еңбек өтілі 10 жыл, соның ішінде 7 жылын «Суықбұлақ орта мектебі» КММ мектеп психологы болып қызмет атқарады. Психологтың ғылыми-танымдық және әдістемелік дайындығы талапқа сай. Ізденіс тақырыбы: «Баланың рухани өсуіне оның әр түрлі әлеуметтік ортада өзі жайлы және қалыпты сезінуіне психологиялық-педагогикалық жағымды жағдай жасау»». Жұмыс барысында психолог жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, Немовтың психологиялық технологиясын кеңінен пайдаланады. Психолог жаңашыл, көп ізденеді. Психологтың әдістемелік жинақ қоры мол. Әр сыныпқа, әр оқушыға бөлек құжаттар мен бумалары бар, ретке келтірілген. Жылда 1,5,9,11 сыныптармен психологиялық-эмоционалдық тесттер, тренигтер өткізіп тұрады.

2016 жылы 1-сыныпта Керн Йирасектің әдістемесі бойынша тренинг баланың психологиялық эмоционалдық мектепке дайындығын анықтау үшін өткізілді. 5 сыныпқа « Бірінші рет 5 сыныпқа», «Жылы сөз» тренингтері, 8-сыныптан өзін –өзі деңгейін анықтау тесті алынды. 10-сыныпқа «Мен және менің ортам» тренингі, 11-сыныпқа «Мамандық таңдау қажет пе?», сыныптарда өткізген тренингтер өткізді. Бұл тренингтер 1,5 сыныптарда тез ортаға қалыптасу үшін, ал жоғарғы сыныптарда ОЖСБ,ҰБТ дайындықтармен қатар, ПИЗА ТИМСС сияқты халықаралық сынақ тесттерге дайындалу барысында бұл тренингтердің көп көмегі тиетіні анық.

Раушан Мухаметрахимовна мектепішілік,аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларға, сайыстарға белсене қатысады.

2014 жылы Республикалық «Үздік педагог- зерттеуші» ғылыми әдістемелік жұмыстар конкурсына қатысып, І дәрежелі мадақтама.

2014 жылы Республикалық «Ғылыми-зерттеу әлемі» журналына № 1,3 сандарына зерттеу жұмысы жарық көрді.

2016 жылы аудандық «Адал ұрпақ» ерікті клубының сайысына қатысты.

2016 жылы Аудандық психологтар арасындағы сайысқа қатысып, «Зерттеуші психолог» номинациясы..

2016 жылы Республикалық қашықтықтан олимпадаға қатысып, сертификат.

2016 жылы аудандық «Адал ұрпақ» ерікті клубының сайысына қатысты.

2017 жылы оқу жылында мектеп тәлімгерлері арасындағы аудандық сайысқа қатысып, бейнематериал мен альбом жіберілді.

.

Раушан Мухаметрахимовна мектепте психолог ретінде де өз жұмысын тиянақты, өз ісіне жауапты. «Суықбұлақ орта мектебі» КММ ұжымымен де үнемі жұмыс жүргізеді,қызықты тренингтер, сауалнамалар, тесттер өткізіп тұрады Мектептің мәдени, қоғамдық жұмысына белсене араласады, мәдениетті, ұжымда беделді де белсенді жан.

 

Риза Толеубековнаның

жалпы өтілі 32 жыл. Соның 15 жылын «Суықбұлақ орта мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қоғамтану, құқық пән мұғалімі болып қызмет атқарады. Ұстаздың ғылыми-танымдық және әдістемелік дайындығы талапқа сай. Ізденіс тақырыбы: «Қоғамдық пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру». Оқыту процесінде мұғалім жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ақпараттық-коммуникативтік технологияны, Шаталовтың тірек сызбаларын, Жампейсованың модульдік технологиясын пайдаланады. Ұстаз жаңашыл, көп ізденеді. Педагогикалық тәжірибесі мол. Мұғалімнің әдістемелік жинағы, көрнекілік қоры мол, ретке келтірілген. Тарих, қоғамтану пәндерінен білім сапасы 75%

Өз іс-тәжірибесінен 9-сыныпта өткізген « Діннің қоғамдағы рөлі » тақырыбындағы ашық сабағы әріптестері тарапынан жоғары бағаланды. Ашық сабақ өте қызықты өтті, оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсене қатысты.

Риза Толеубековна мектепішілік,аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларға, сайыстарға белсене қатысады. 2012, 2014 жылы аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.

2012 жылы аудандық " Бала және дін” тақырыбындағы педагогикалық оқуда 3-орын .

2014 жылы Семей қаласындағы аймақтық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.

2014 жылы атқарған қызметіндегі жетістіктерге байланысты аудандық білім бөлімнің Құрмет грамотасына лайық деп танылды.

2015 жылы Семей қаласындағы Қазақстан халық ассамблеясы ұйымының Алғыс хаты

2015 жылы Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай өткен " Ешкімде ұмытылмайды” атты аудандық бейнематериалдар сайысында жүлделі 1-орын.

2015 жылы Үздік ұйымдастырушы-тәрбиеші” аудандық тәрбие ісі меңгерушілері арасындағы сайыста 3- орын

2015 жылы Аудандық "Тәуелсіз Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы” атты ғылыми-практикалық конференцияда 3-орын.

2016 жылы аудандық " Астана-бас қала” презентациялар сайысында 3-орын .

2016 жылы " Шәкірт жүрегінен жол тапқан ұстаз” Республикалық білім беру жүйесінің үздік қызметкерлеріне арналған жинаққа енді.

2016 жылы Республикалық " Білім саласындағы қосқан үлесі” үшін медалімен марапатталды.

2017 жылы Халықаралық " Білім саласындағы үздік педагогтар» энциклопедиясының " Құрмет тақтасы” бөліміне енді және дипломмен марапатталды.

Оқушыларының жетістіктері:

2012 жылы Шәкәрім атындағы пединститутта өткен ғылыми-практикалық конференцияда

9-сынып оқушысы Баймурина Марал 2- орын.

2014 жылы облыстық интеллектуалдық "Тұлпар” конкурсында 9-сынып оқушысы Тұрсынғалиев Сымбат,7-сынып оқушысы Болатова Айнура 3-орын.

2014 жылы Республикалық "Ақбота-2014” интеллектуалдық марафонынан 8-сынып оқушысы Болатова Айнура 2-орын.

2014 жылы аудандық пәнаралық олимпиадада Адам.Қоғам. Құқық пәнінен 9-сынып оқушысы Төкеева Алина 3-орын.

2015 жылы аудандық пәнаралық олимпиадада Құқықтану негіздері пәнінен 9-сынып оқушысы Берікқазинов Азат – ІІІ орын.

2016 жылы 9-сынып оқушысы Ахметқан Данара Адам және қоғам пәнінен жүлделі 3-орын иеленіп, мақтау қағазымен марапатталды.

Риза Толеубековна мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде де өз жұмысын тиянақты, мінсіз атқарып келеді. Өз ісіне жауапты. «Суықбұлақ орта мектебі» КММ жылда «Үздік жазғы демалысты ұйымдастырушы», «Үздік аула», «Үздік қар қалашығы» сияқты сайыстардың жүлдегері. Мектептің мәдени, қоғамдық жұмысына белсене араласады, мәдениетті, ұжымда беделді де белсенді жан.

 

Бахтыбаева Қарлығаш Мырзабековна

«Суықбұлақ ортамектебі» КММ -де информатика пән мұғалімі болып жұмыс істейді. Ұстаздың ғылыми-танымдық және әдіскерлік дайындығы талапқа сай. Ізденіс тақырыбы: «Ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін қолдана отырып, оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру». Оқыту процесінде мұғалім жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, дамыта оқытуды пайдаланады. Ұстаз көп ізденеді. Мұғалімнің әдістемелік жинағы, көрнекілік қоры мол, ретке келтірілген. 2016 жылы 7- сыныпта «MS Word мәтіндік редакторы» тақырыбында ашық сабағы жақсы бағаланды және infosd. kz , sabak. kz сайтына жарияланды. МИФ апталығында информатика пәнінен 7-8 сыныптар арасында «Информатика көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын, 5 -6 сыныптар арасында «Информатика әлеміне саяхат атты»сыныптан тыс шаралар өткізді. 2016 жылы 9 сынып оқушыларымен бірігіп «Ұстазым менің, Ұстазым» атты аудандық сайысқа бейнеролик жасап жіберді. 2016 жылы 6 –сыныпта «Алгоритм типтері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

 

2013 жылы «Жас ұстаздар форумы» мақаласы Шар тынысы газетіне шықты.

2014 жылы Информатика бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып сертификат .

2014 жылы мамыр айында «Информатика лидері» атты сабақтан тыс интеллектуалдық ойыны «Ұстаз, Білім, шәкірт» атты педагогтарға арналған облыстық газетте жарық көрді. 2014 жылы «Танымдық қызуғушылықты дамыту» мақаласы облыстық газетке баспаға шықты.

2014 жылы «Үздік информатика мұғалімі» байқауында «Ең үздік сабақ үзінділері» номинациясы.

2016 жылы аудандық «Үздік жас ұстаз» байқауына қатысты.

2016 жылы 6 сыныпта өткізген «Алгоритм типтері» тақырыбындағы ашық сабағы «Ұстаз» газетіне жіберілді.

Оқушылардың жетістіктері:

2012 жылы 5 сыныып оқушылары Кұмаров Ерасыл мен Айткожина Махаббат аудандық пән аралық олимпадада І кезеңнен өтіп, ІІ кезеңге жолдамаалып онлайн олимпиадаға қатысты.

2013 жылы 7 сынып оқушылары Айтмұхамет Диана, Тұрсынгалиева Назерке республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып сертификат.

2016 жылы 10 сынып оқушысы Ұзақбаев Айдар аудандық олимпиадаға қатысып І кезеңнен өтіп, ІІ кезеңге жолдама алды.

Бахтыбаева Қарлығаш Мырзабековна мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласады, мәдениетті, ұжымда белсенді де беделді жан.

 

Транова Майра Мухаметкановна

1982 жылы Ресей мемлекетіндегі, Тамбов қаласындағы «Знак Почета» педагогикалық институтының филология факультетінің, орыс тілі, орыс әдебиеті және тәрбие ісінің әдіскері мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1982 жылы Ақсуат ауданы, Сұлутал ауылында, Сәтбаев атындағы орта мектебінде орыс тілі, әдебиеті пән мұғалімі қызметінен бастады. 1985 жылдан бастап Суықбұлақ орта мектебінде орыс тілі пән мұғалімі және тәрбие ісінің меңгерушісі болып жұмыс жасады. 1987-1992 жылдар аралығында Суықбұлақ орта мектебінде директордың оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1992-1998 жылдар аралығында Суықбұлақ кентіндегі «Көк терек» балабақшасының меңгерушісі қызметінде болды. 1999- 2010 жылдары Суықбұлақ орта мектебінде директордың оқу ісінің меңгерушісі жұмысын атқарды. 2011 жылдан бастап Суықбұлақ орта мектебінің директоры қызметін атқаруда. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Еңбек өтілі барысында өзін жауапкершілікпен, жаңалыққа құштар және шығармашыл педагог ретінде таныта білген педагог. Жұмыс барысы кезінде өзін адал, балаларға деген жауапкершілігі мол, қайырымды адами тұрғыда жоғары деңгейде көрсете білді. Жоғары біліктілік санатты, орыс тілі пән мұғалімі.

Марапаттары: 2011жылы ауыл кенті әкімінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай Мақтау қағазы, 2011 жылы Жарма аудан білім бөлімінің Мақтау қағазы, 2013 жылы Халықаралық әдістемелік фестивальнде «Үздік сабақ» әзірлемелер бойынша Жеңімпаз дипломы, 2013 жылы Жарма ауданы білім бөлімінің Мақтау қағазы, 2013 жылы Халықаралық білім акциясына қатысып, «Отличник тотального диктанта» сертификатын иеленді. 2013 жылы «Креатив» Халықаралық білім порталының Құрмет тақтасына « ХХІ ғасыр педагогы» ретінде енгізілді. 2013 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі, ШҚО білім басқармасы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Зияткерлік» қоғамдық қорының Алғыс хаты, 2014 жылы ШҚО білім басқармасының Құрмет грамотасы, 2014 жылы ШҚО білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы өткізген облыстық « Шағын жинақты мектепті басқарудың үздік моделі» байқауында жүлделі ІІ орын иеленді. 2014 жылы Алматы қаласында өткен шағын жинақты мектеп директорлары мен мұғалімдерінің « Мәңгілік елге- ақпараттық мектеп-шығармашыл педагог- бәсекелестікке қабілетті оқушы» І -Республикалық слетке облыс ұстаздарының атынан қатысушы. 2014 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі Б.Сапарбаевтың Грамотасымен марапатталды.

Мектеп жетістіктері: 2012 жылы Суықбұлақ орта мектебіне Жарма ауданы білім бөлімі « Жазғы демалысты үздік ұйымдастырушы-2012» атағын берді, 2013 жылы Суықбұлақ орта мектебіне Жарма аудан білім бөлімі «Үздік аула-2013» атағы берілді. 2014 жылы « Үздік фотосуреттер көрмесі» І-орын , 2014 жылы « Үздік жазғы демалысты ұйымдастырушы» атағына ие болды. 2015 жылы « Үздік қар қалашығы» жүлделі І-орын, 2015 жылы « Үздік қолөнер көрмесі» бойынша ауданда І-орын иегері, Республикалық Ұлттық бизнес рейтингі бойынша «Суықбұлақ орта мектебі» КММ ТОП-100 (қола) мемлекеттік мекемелер рейтингіне еніп, «Саланың көшбасшысы» статусын иеленді.

Транова Майра Мухаметкановнаның кандидатурасы «Жарма ауданының білім бөлімі» ММ-нің аппарат отырысында талқыланып, ұсынылған.

 

 

Похожие публикации:

14 март 2017 ҰБТ ақпарат
14 март 2017 Құжаттар
09 март 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив