Мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенті. » "Суықбұлақ орта мектебі" КММ
Абай облысы
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Суықбұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72347) 4-08-34
Есепші бөлімі:
+7(707) 939-28-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенті.
07
сентябрь
2018

Мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенті.

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТІЗІЛІМІ,
СТАНДАРТЫ ЖӘНЕ РЕГЛАМЕНТІ

12-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілуге жатады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;

көрсетілетін қызметті алушы (жеке және (немесе) заңды тұлға) туралы мәліметтерді;

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауын;

көрсетілетін қызметті берушінің атауын;

өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауын және (немесе) мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетілетін жағдайда "электрондық үкіметтің" веб-порталына нұсқауды;

мемлекеттік қызмет көрсету нысанын;

мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін екендігін көздейді.

13-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеуге және бекітуге қойылатын жалпы талаптар

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшін орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін стандарттарды әзірлейді және бекітеді.

Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған толықтырулар енгізілген күннен бастап үш ай ішіндеәзірленедіжәне бекітіледі.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасы осы Заңның15-бабындакөзделген тәртіппен жария талқылануға жатады.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың күшін жою мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің ұсыныстары негізінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі және (немесе) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014N 239-V(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2016№ 484-V(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартының мазмұнына қойылатын талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты:

1) жалпы ережелерді:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауын;

көрсетілетін қызметті берушінің атауын;

2) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін:

мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін;

мемлекеттік қызмет көрсету нысанын;

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлемақы мөлшерін және оны алу тәсілдерін;

көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесін;

мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін;

мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді;

3) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін;

4) мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді.

Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015№ 408-VЗаңымен (01.03.2016 бастапқолданысқаенгізіледі).

15-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру мақсатымен жүргізіледі.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау үшін оны"электрондық үкіметтің" веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурстарында орналастырады, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасы туралы хабардар етілуін өзге де тәсілдермен қамтамасыз етеді.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау оның жария талқылау үшін орналастырылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын әзірлейтін орталық мемлекеттік орган мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп жасайды, ол "электрондық үкіметтің" веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есепте:

қабылданған және (немесе) қабылданбаған ескертпелер мен ұсыныстар бойынша негіздемелер қоса беріле отырып, жария талқылау барысында алынған ескертпелер мен ұсыныстардың тізбесі мен қысқаша мазмұны;

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстар ескеріле отырып пысықталған жобасымен танысу тәсілі туралы ақпарат қамтылады.

Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасына осы баптың3-тармағындакөрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен ескертпелері мен ұсыныстары қарауға жатпайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жария талқылау нәтижелері бойынша пысықталған жобасы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп мүдделі орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне келісуге жіберіледі.

5. Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобалары осы бапта белгіленген тәртіппен міндетті түрде жария талқылануға жатады.

16-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын талаптар

1. Көрсетілетін қызметті берушілердің қызметін ұйымдастыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлейді және бекітеді.

2. Орталық мемлекеттік орган әзірлейтін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті орталық мемлекеттік органның немесе оның басшысының нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.

3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы әзірлейтін, оның ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі үшін әзірленетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулысымен бекітіледі.

Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР06.04.2016№ 484-VЗаңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің мазмұнына қойылатын талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:

1) жалпы ережелерді;

2) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттауды;

3) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттауды;

4) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттауды көздейді.

Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015№ 408-VЗаңымен (01.03.2016 бастапқолданысқаенгізіледі).

Похожие публикации:

12 март 2017 Мектеп ұжымы
09 март 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив