Денсаулық күні
«Суықбұлақ орта мектебі» КММ
2017-2018 оқу жылының 9 қыркүйек күнінде өткен «Денсаулық фестивалі-2017»
іс-шара туралы есеп.
Қыркүйек айының 9-і күні Суықбұлақ орта мектебінде «Спорт - денсаулық кепілі» атты ұранымен денсаулық күні өткізілді. Дене сауықтыру іс-шаралар жоспары бойынша оқушылар сапқа тұрғызылып мемілекеттік гимн орындалды. Мекеп әкімшілігінің құттықтау сөзінен кейін жалпы мектепішілік ритмикалық жаттығуларымен денсаулық күні ашылды,бір күндік жоспарға сәйкес 1 – 11 сыныптар арасында жеңіл атлетикадан жарыстар ұйымдатырылды атап айтқанда қысқа және ұзақ қашықтықта оқушылар сынға түсті. Бастауыш сыныптар арасында 30 және 150 метр, орта буын 60 метр және 500 метр, жоғары сыныптар 100 метр 1500/2000 метр қашықтыққа жүгіру жарыстары ұйымдастырылып өткізілді. Денсаулық күнінің қорытындысы бойынша сыныптар арасында жеңімпаздар мен жүлдегер оқушылар анықталып матақтама қағаздарымен марапатталды. Жас ерекшеліктеріне қарай жоғары көрсеткіш көрсеткен жас спортшылар 1 сынып оқушысы Газизов А, 5 сынып оқушысы Қалибеков М, 8 сынып оқушысы Базарова А Іс – шара жоспарға сәйкес өткізілді, осы дене сауықтыру іс-шарасы кезінде жарақат алған тәртіп бұзушылық және кері әсерлі жағдайлар кездескен жоқ.
Дайындаған: Н Курмангалиев