Президент күні » "Суықбұлақ орта мектебі" КММ
Абай облысы
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Суықбұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72347) 4-08-34
Есепші бөлімі:
+7(707) 939-28-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
февраль
2018

Президент күні

 

 

«Суықбұлақ орта мектебі» КММ

1 – желтоқсан

Тұңғыш Президент күні

(іс-шара)

2017-2018 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Суықбұлақ орта мектебі» КММ
1- желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік жиынның жоспары
І. Ұйымдастыру мкезеңі
А) Жиын өткізілетіналаңды жабдықтау
Ә) Оқушыларды рет - ретімен тұрғызу
ІІ. Негізгі бөлім
А) Жиынды ашу
Ә) Мерекелік құттықтаусөз
ІІІ. Қорытынды бөлім
А) Жиынды жабу
Дайындаған:Тұрсынбекова Б.М.

1-жүргізуші:

Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шарасынақош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші:

Бүгін 1-ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні болып елімізде 2011 жылы10 желтоқсанда бекітіліп жыл сайын тойланып жалғасын табуда.

Мерекелік іс – шарамызды ашып беру үшін сөз кезегін мектеп директоры Транова М.М. береміз

 

1-жүргізуші:

Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.

Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

 

2-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе

Мектебіміздіңоқушыларынан құрылған би тобына кезек береміз

ортада «Қазақ» халық биі

 

1-жүргізуші:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді

 

2-жүргізуші:

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!

1-жүргізуші:

Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарын оқу үшін ортаға шақырамыз.

 

Өлең оқу:

Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» «Мен Қазақпын»

(баяу Күй «Секіртпе»)

2-жүргізуші:

Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге.

Мыңдаған дастан жатыр Халқым басқан іздерде.

Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай

Даналықтың жырын жастар іздер ме?

1-жүргізуші:

Жыр жазам деп талпынады жас балаң.

Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.

Жүрегінің түкпірінен шығарып

Әннен шашу болсын елімізге арнаған – деп

сынып оқушысы орындауында « » әнін қабыл алыңыздар.

 

2-жүргізуші:Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.

1-жүргізуші

Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.

Тұңғышпрезидентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында" Жылдар сөйлейді"атты бөлімімізді тамашалаңыздар.

Фон: Музыка қою

2-жүргізуші:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.

2-жүргізуші:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - «Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» — деп өз сөзін халыққа жеткізген еді.

 

1-жүргізуші
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы дей отырып келесі кезекті әнге береміз

«» орындайтын:

 

 

2-жүргізуші

Елбасы елді қорғайды,
Халқы оны қолдайды.
Мен жырлайын,
Сөзбен өрнек өрнейін.
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Басқарған аға Нұрсұлтан!

 

1-жүргізуші

Тоқсан бірде Президентті сайладық,
Еркіндікке белді бекем байладық.
Ақ киізге Нұр ағаны көтеріп,
Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.

2-жүргізуші:

Бүгінгі Қазағымның нұры қандай!

Көгінде желбіреген Туы қандай!

Еуропаның төрінде билік айттық,

Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай - дей мектеп оқушыларының биін қабыл алыңыздар

 

1-жүргізуші:

Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтасақ
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.

«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік оңаймен келген емес,
Оны ешкім ала ғой деп берген емес.
Қанша адамның басына пәле төніп,
Бұл сұмдықтың болғаны елес емес.
Ресейге де тәуелді болды емес пе,
Тәуелсіздік арман боп келді емес пе?!
Теңдік үшін үзілді Қайрат, Ләззат,
Қыршын өмір жауқазындай солды емес пе,
Бақыт құсы қазаққа қонды емес пе?!
Әр елдің жүрегіне жол тапқан,
Елбасымыз кемеңгер, дана емес пе!

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын! Осымен іс-шарамыз соңына жетті.

 

БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!і

Похожие публикации:

11 сентябрь 2017 Денсаулық күні
04 апрель 2017 Биатлон
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив