Жаналықтар
«Суықбұлақ орта мектебі» КММ
Ұлы Отан соғысының ардагері Вилков Иван Игнатьевич
Өмірбаяны
1926 жылы 9- ақпан күні Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Приречное ауылында көп балалы отбасында туған. 1944-1951 жылдары аралығында Қызыл әскер қатарында болды. Соғыстың соңғы екі жылын басынан өткізді. II- Украин соғысына қатысып, 7-мотор корпусының 64- бригадасында болды. Пулеметші болып, Австрия мемлекетіне дейін 5-әуе атқыштар дивизиясы құрамында соғысты. Кейіннен жарақаттанып, госпитальда болған, жазылған сон Одесса облысына ауыстырылды. Сол кезде алған жарақаты, жүрек тұсындағы оқ әлі күнге дейін алынбаған, Иван Игнатьевичпен бірге жасап келе жатыр. 1955 жылдары өңдіріс орындарына жұмыс жасау үшін біздің кеңтіміздегі цемент зауытына келіп орналасады, сол зауытта 25 жыл еңбектеніп, зейнеткерлікке шыққан.
Кеңтіміз бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ішінде дін- аман жүрген соңғы ардагеріміз Вилков Иван Игнатьевич 2017 жылы, сәуірдің 10 күні 91 жасында дүниеден өтті.
Вилков Иван Игнатьевичтің дүниеден өтуіне байланысты, ардагеріміздің құрметіне еске алу бұрышы жасалып, құрмет қарауылы қойылды.